Қызылордада тұрғын үй салу қарқыны бәсеңдемейді

129

0

Қызылордада тұрғын үй салу қарқыны бәсеңдемейдіАймақтың бас қаласы, Сыр елінің жүрегі Қызылорда биыл да қарқынды құрылыс алаңына айналады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, 810 пәтерді құрайтын 16 тұрғын үй және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ы арқылы 330 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен қорытынды есепті кездесуде айтты.

Қаладағы апаттық үйлерге қатысты мәселені түбегейлі шешу мақсатында Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға 127,1 млн.теңге бөлінді.

2015 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастыруға республикалық бюджеттен 257 млн. теңге, «Ақбұлақ» бағдарламасы жалғастыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд 345 млн. теңге қаралды (Қызылорда қаласы – 3137,9 млн.теңге, Ақсуат ауылы – 207,3 млн.теңге).

2015 жылы құрылысы басталған мектептерді аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттерден 934 млн.теңге бөлінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз