Қызылордада түсірілген сериал \»Балапаннан\» көрсетілуде

49

0

Қызылордада түсірілген сериал "Балапаннан" көрсетілуде  Қызылорда. Кино әлеміндегі бірқатар туындысымен көпшілік көзайымына айналып үлгерген режиссер Данияр Саламат жақында тағы бір дүниені дүйім елге тарту етті. 
  Қазіргі таңда «Балапан» телеарнасы арқылы көрсетіліп жатқан «Қос қарақшы» атты балаларға арналған жиырма бөлімнен тұратын комедиялық телесериалы өрендердің қызығушылығын туғызды.  Бұл шығарма мамандар тарапынан да оң бағасын алып үлгерді. Атап кетерлігі, бұл туынды Алматы немесе Астана секілді іргелі шаһарларда түсірілген жоқ, өзіміздің Қызылорда топырағында жасалып шықты. Киноның негізінен үлкен қалада өмірге келуіне әбден етіміз үйреніп қалғандай-тын. Осындай қалыптасқан үрдісті Данияр Саламат бұзған. Өйткені, аталмыш туындыда Сыр топырағында таспаланып қана қойылған жоқ, басты рөлдердің бәрінде қызылордалық актерлар мен жас өрендер ойнайды. Фильмде басты кейіпкерлер рөлін сомдаған балғындар қызылордалық ұландар болып табылады. Мәселен, №3 және №171 мектептердің  5 сынып оқушылары Нұрай Байкенжеева мен Әлихан Бодық кастинг арқылы таңдалып алынды. 
Бүгінгі күнге дейін Данияр бірқатар дүниелерді көрерменге ұсынып үлгерді. Осыдан жеті-сегіз жылдай бұрын республикалық «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілген «Қалаймақан» тележурналы көрермен қауымның көзайымына айналды. Одан кейінгі кезектегі «Әкем екеуміз», «Бәйтерек» фильмдері негізінен балалар әлемін боямасыз бейнелеуге арналған. Қызылорда жерінде ашылған қуыршақ театры да өрендер өлкесіне бағытталған. Сондай-ақ, ол осыдан бір-екі жыл бұрын Қызылорда топырағында «Ертегілер елінде немесе Шаттық деген немене?» атты балаларға арналған қуыршақ спекталін жергілікті жұртшылыққа ұсынған еді.
 

Қызылордада түсірілген сериал "Балапаннан" көрсетілуде

 

Қызылордада түсірілген сериал "Балапаннан" көрсетілуде

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз