Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді

40

0

Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтедіҮстіміздегі жылдың 16 сәуір күні  Қызылорда қаласында велоспорттан жастар
арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Облысымызда алғашқы
мәрте ұйымдастырылатын  велошабандоздар
жарысына Астана қаласынан, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, 
Павлодар және Қызылорда облыстарынан 70-ке жуық спортшылар қатысады. Соның
ішінде 12 спортшы Қызылорданың намысын қорғайды. Бұл жарыс мамыр айында
Еуропада болатын халықаралық турнирге және  қыркүйек айында Америкада өтетін Әлем чемпионатына
спортшыларды іріктеу болып табылады.

Жарыс  барысында 10 және 20 шақырымдық жекелей
жарыс, сондай-ақ, 100 және 130 шақырымға созылатын топтық жарысу кезеңінің  жүлделері сарапқа салынады. Жарыстың
салтанатты ашылуы 16 сәуір күні сағат 10.00-де орталық стадионда, жарыс бағдарлама
бойынша күн сайын сағат 10.00-де болады. Ел біріншілігі 20 сәуірге дейін
жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз