Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті

36

0

Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өттіҚызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 15-20 сәуір аралығында
велоспорттан жастар арасында Қазақстан
Республикасының чемпионаты өтті. Аймағымызда екінші мәрте ұйымдастырылған
велошабандоздар жарысына Астана, Алматы қалаларынан жәнеАлматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,
Қостанай, Павлодар және Қызылорда облыстарының командалары қатысты.

Бес
күн бойы өткен жарыс қорытындысында 25 шақырымдық жекелей жарыста Илья Горбушин
(Павлодар обл.) бірінші болып жетті.Қалған орындарды Игорь Чжан (Алматы обл.) мен Дінмұхаммед Ұлысбаев
(Жамбыл облысы) бөлісті. 70 шақырымдық айналма жарыста қызылордалық Карим Бузин
топ жарды. Астаналық Иван Зайцев екінші орынды алса, үшінші орынды жамбылдық
Дінмұхаммед Ұлысбаев еншіледі.

100 шақырымдық топтық жарыста Павлодар облысының
спортшысы Никита Соколов жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарға қостанайлық
Даниил Марухин мен батысқазақстандықАндрей Молотков орналасты.

100 шақырымдық айналма
топтық жарыста астаналық Вадим Пронский жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды
Жамбыл облысының спортшысы Дінмұхаммед Ұлысбаев алса, үшінші орынды қостанайлық
Даниил Марухин иеленді. 130 шақырымдық топтық жарыста жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаевтың мерейі үстем болды.
Күміс жүлдеге Никита Соколов (Павлодар обл.), қола жүлдеге Игорь Чжан (Алматы
обл.) ие болды.

5
кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшылар анықталды.
Нәтижесінде павлодарлық Илья Горбушин алтын медальді иеленіп, оған жеңімпаз
жейдесі табысталды. Күміс жүлдегер жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев атанса, Қостанай
облысының спортшысы Даниил Марухин қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпыкомандалық
есепте бірінші орынды – Жамбыл облысының
спортшылары еншілесе, екінші орынға – Алматы облысы, үшінші орынға – Қызылорда
облысының спортшылары ие болды. Сондай-ақ, «Ең белсенді велошабандоз» жүлдесімен павлодарлық
Никита Соколов марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз