Қызылордада велоспорттан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

43

0

Қызылордада велоспорттан жастар арасында ел чемпионаты өтеді15 сәуірде Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.
    Облысымызда 2-ші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Астана, Алматы
қалаларынан  және еліміздің 11 облысынан  100-ден аса велошабандоздар
қатысады. Спортшылар 25 шақырымға жеке жарыста, 100 және 130 шақырымға
созылатын топтық, 70 шақырымдық айналма  және 100 шақырымдық топтық
айналма  жарыстарда күштерін сынайды.
    Жарыстың салтанатты ашылуы – 15 сәуір күні сағат 16.00-де орталық
стадионда, жарыс бағдарлама бойынша күн сайын сағат 10.30-да болады.
Қазақстан чемпионаты 20 сәуірге дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз