Қызылордада қылмыс деңгейі 9 пайызға азайды

46

0

Қызылордада қылмыс деңгейі 9 пайызға азайдыБиыл үш айда Қызылорда облысында
қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға
төмендеді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек
Көшербаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Сыр өңірінде іске асу
барысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Айта
кетейік, Ұлт жоспарының екінші бағыты – заңның үстемділігін қамтамасыз
ету мақсатында облыс, қала және аудандар бойынша жергілікті полиция
қызметі құрылды. Жаңадан тағайындалған аудандық және қалалық жергілікті
полицейлер өз қызметі туралы халық алдында алғашқы есептерін де беріп
үлгерді. 
Олардың
қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен
қосымша 140 млн. теңге бөлінді. Ішкі Істер Департаментіне соңғы 3 жылда
10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл бастаманың алғашқы оң нәтижесін
беріп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз