Қызылордада қылмыс жасаған 5 азаматқа қатысты үкім шықты

58

0

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты үкім шықты. Заң алдында жауапқа тартылғандардың бірі кәмелетке толмаған.

Қылмыс орын алған күні сотталушы Р. өзіне тиесілі автокөлігімен қалада серуендеп жүрген. Жанында 4 досы болған. Бөкейхан көшесінің бойында орналасқан кәуапхана тұсынан тоқтаған жастар, сол маңда тұрған жәбірленушілермен керісіп қалған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласыпты. Басты сотталушының 3 досы қарсыластарын таспен ұрып, жеңіл жарақат салған. Ал, Р. екі азаматты пышақпен жарақаттап, денсаулықтарына залал келтірген. Тергеу кезінде қамауға алынған қызылордалықтар  өз кінәларын толықтай мойындады.

 «Сот үкімімен сотталушы Р. «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталғаны» үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ал, кәмелетке толмаған жасөспірім ҚР Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша айыпты деп танылғанымен, заңға сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал қалған үш азаматтың  жәбірленушілермен өзара татуласуына байланысты қылмыстық істері тоқтатылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Қазақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз