
Орталықтың директоры әрі фильмнің продюсері Қайрат Сағынаевтың айтуынша, аталған кинода махаббат пен өмірге деген арпалыс суреттеледі. Көркем фильмнің мақсаты да Сыр өңірінде киноиндустрияны дамыту, сондай-ақ, аймағымыздың мәдениет мен өнер саласына қанат қаққан талантты жастарына жол көрсету.
Фильмді түсіруге жергілікті мамандар мен студенттер тартылған. Сонымен қатар, басты рөлдерде – облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының актері Данияр Сабыров және «Болашақ» университетінің студенті Әлия Ермаханова.
«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері желтоқсан айының соңғы күндеріне жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!