Қызылордада үздік идея иегерлері анықталды

51

0

Қызылордада үздік идея иегерлері анықталдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының
бастамасымен Шиелі ауданында «Шиелі» І инвестициялық форумы өткізілген болатын.

Форум аясында бизнес-идеялар
байқауын өткізілді, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз
қызметі
Байқауды
ұйымдастырудағы мақсат – кәсіпкерлік қызметте әлеуетті инвесторлар көңіл аударатын
үздік бизнес-жобаны таңдап, инновациялық, перспективті бизнес-идеяларға қолдау
көрсету, жаңа кәсіп иелерін ынталандыру, кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру мен
жоспарлау, бағалау, сондай-ақ қалыптастыруға қажетті білім алмасуға жағдай
жасау болып табылады.
Байқауға
қатысуға ауданның 24 тұрғыны өтініш білдіріп, ақтық кезеңге 7 үміткер жолдама
алды. Қатысушылардан түскен жобалары құс фермасын, газоблок шығару цехын ашу, пластик
есік-терезе шығару, жылыжай, құрама жем шығару және мал бордақылау алаңын салу,
макарон, нан өнімдерін шығару т.б. тақырыптарға арналған. 
Байқауға облыс әкімінің
орынбасары Ғалым Әміреев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан
Досмаханов, аудан басшысы Қайратбек Сәрсенбаев, «Даму» АҚ Қызылорда облыстық
филиалының директоры Жансұлтан Матаев төрелік етті.
Сараптау кеңесі 3 үміткердің
жобасын өміршең, болашағы бар деп танып, байқау қорытындысымен, балық өнімдерін
өңдеу саласына маманданып жүрген Нұрлан Аманжолов І орынды, кілем цехы туралы
жобасымен Перизат Пәрменқұлова ІІ орынды, макарон өнімдеріне қатысты жобасымен
Қарлығаш Сейтенова ІІІ орынды иеленді. 
Бірнеше жылдан бері кәсібін
ашуды жоспарлап, ізденіп жүрген байқау жеңімпазы Нұрлан Аманжолов бұл байқаудың
өз ісін ашуға шабыттандырғандығын, енді өз бизнесін ашуға дайындалатындығын
жеткізді.
 Айта кету керек, бизнес-идеялар
байқауына «K-Group» ЖШС, «ДорСтрой» ЖШС және «Қызылорда кірпіш зауыты» ЖШС-і
демеушілік жасады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз