Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды

50

0

Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталдыҚызылордада
облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік
тауары – 2015» өңірлік көрме-байқауы өткізілді. Бұл жайында Қызылорда
облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы мен
«Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырып, өткізу биылғы жылдан
бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын.
Биылғы жылы Сыр өңірінде өткізілген
өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 25 тауарөндіруші
қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған басшылар
жергілікті тауарөндірушілердің өнімдеріне жоғары бағасын берді.
Шарада Кәсіпкерлер палатасының
директоры Руслан Досмаханов: «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы –
жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған
бірегей шара болып табылады. Биылдан бастап байқау ережесіне енгізілген
өзгерістің нәтижесінде жеке кәсіпкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие
болды», – дей келе осы жылы жеке кәсіпкерлердің белсенділікпен
қатысқандығын жеткізді.
 Байқауға қатысушылардың өнімдерімен
танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардың бағалауымен
төмендегі тауарөндірушілер жеңімпаз атанды:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша:
І дәрежелі дипломмен «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС;
ІІ дәрежелі дипломмен «Мир – 2001» ЖШС;
ІІІ дәрежелі дипломмен «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша:
І дәрежелі дипломмен «УЮТ» ЖШС;
ІІ дәрежелі дипломмен «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС;
ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Мұрагер».
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша:
І дәрежелі дипломмен «Арал тұз» АҚ;
ІІ дәрежелі дипломмен «Браунис» ЖШС;
ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Қазбергенов» марапатталды.
Көрме-байқау жеңімпаздары «Атамекен»
ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген арнайы дипломдарымен,
статуэткамен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздардан
өзге көрме-байқауға қатысушылардың барлығы «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің алғыс
хатымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз