Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды

48

0

Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталдыҚызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен
«Қазақстанның үздік тауары – 2016» өңірлік көрме-байқауы өткізілді.

Президенттік «Алтын сапа»
сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырып, өткізу былтырғы
жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын.

Биылғы жылы Сыр өңірінде
өткізілген өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің
түрлі саласынан жалпы 50-ге жуықоблыстық көрме-байқауы мен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі
ұйымдастырылды. Оның ішінде өңірлік байқауға
аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 18 тауарөндіруші қатысуда.

Аймақ басшысы
Қырымбек Көшербаев өңірде кәсіпкерліктің өркен жайып келе жатқанына баса
тоқтала келе, бұл ретте «Микробзнес Қызылорда» жобасының облыста шағын және
орта кәсіпкерлікті дамытуға қосып келе жатқан үлесіне баса назар аударды.
Сондай-ақ байқауға қатысушылардың белсенділіге ризашылығын білдіріп, үздіктерді
марапттады.

Байқауға қатысушылардың
өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардың бағалауымен
төмендегі тауарөндірушілер жеңімпаз атанды:

«Қазақстанның үздік тауары-2016» көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік
тауарлар» номинациясы бойынша:

І дәрежелі дипломмен «Қазақстандық мұнай химиялық
компания Кемикал» ЖШС марапатталады – Шиелі ауданы

ІІ дәрежелі дипломмен «NP-Consulting» ЖШС марапатталады
– Қызылорда қаласы

ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «МСК» марапатталады –
Жаңақорған ауданы

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында «Халық тұтынатын үздік тауарлар»
номинациясы бойынша:

І дәрежелі дипломмен ЖК «Кұрбанбаев Шаукат
Раушанұлы» марапатталады – Қызылорда қаласы

ІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Тұрғынбаев Табиғат» марапатталады – Қызылорда қаласы

ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Жұмашева Индира» марапатталады – Арал ауданы

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары»
номинациясы бойынша:

І дәрежелі дипломмен «Сыр Маржаны» ЖШС
марапатталады – Қазалы ауданы

ІІ дәрежелі дипломмен «Браунис-Қазақстан» ЖШС
марапатталады – Қызылорда қаласы

ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Ермаханов Сабыр»
марапатталады – Шиелі ауданы

Одан әрі облыстық
кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Қазақстанның
үздік тауары» көрме-байқауы – жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік
байланыстар орнатуға арналған бірегей шара болып табылады. Кәсіпкерлер – әркез өз күштеріне сенетін,
жауапкершілікті өздеріне ғана арта алатын, тәуекелді ту еткен ерекше адамдар
десем, қателеспеймін. Сіздер аймақ экономикасының өрістеуіне, тұрғындардың
әл-ауқатының артып, тұрмысының түзелуіне ерекше үлес қосып келесіздер. Алдағы
уақытта да ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектеріңіз баянды, кәсіптеріңіз берекелі
болсын!», – дей келе осы жылы жеке кәсіпкерлердің белсенділікпен
қатысқандығын жеткізді.

Көрме-байқау жеңімпаздары
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген арнайы
дипломдарымен, статуэткамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздардан өзге көрме-байқауға қатысушылардың барлығы Кәсіпкерлер
палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың алғыс хатымен марапатталды.

Шара
соңы концерттң бағдарламамен және қатысушыларға арналған мерекелік дастарханға
ұласады.

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз