Қызылордада жағажай футболы дамиды

39

0

Қызылордада жағажай футболы дамидыБиылдан бастап Сыр өңірі жағажай футболын мықтап қолға алатын болады. Алдымен инфрақұрылымға көңіл бөлініп, келесі жылдан бастап Қызылорда командасы ел чемпионатына қатысады. Бұл туралы облыстық футбол федерациясы Атқару комитетінің мәжілісінде белгілі болды.
Облыстық футбол федерациясының хабарлауынша, биыл облыстан жағажай футболынан команда құрып, ел чемпионатына қатыстыру мәселесі, тіпті біріншіліктің бір турын Қызылордада қабылдау мүмкіндігі де талқыланған. Бірақ көпшіліктің шешімімен осы жылы алдымен спорттың осы түрінен инфрақұрылымды жетілдіріп алу қажеттігіне тоқталды. Соған байланысты биыл қалада 1 маусымға дейін жағажай футболынан заманауи арена салынып, жазда әр жаса аралығындағы командалар арасында қала біріншілігі, артынан облыс чемпионаты ұйымдастырылатын болып шешілді. Сол турнирлердің қорытындысы бойынша, облыстың намысын ел чемпионатында қорғайтын команда жасақталып, келесі жылғы Қазақстан чемпионатына дайындалатын болады. Сонымен, Атқару комитетінің отырысында аймақтағы футболға байланысты тағы бірқатар мәселелер қарастырылып, Қызылорда облыстық футбол федерациясы қызметкерлерінің іс-сапарға шығу ережесі, жалпы жағдайы бекітілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз