Қызылордада жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

50

0

Қызылордада жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Тұңғыш
Президенті атындағы саябақта сенбілік өткізіп, ағаштар отырғызылды.
Сонымен қатар, белсенді жастар асық ойнап, «Бауырсақ пати» шарасын
ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Саябақта 30 түп арша мен, 1000 дана сыр талы отырғызылды.

Бүгінгі жалпықалалық сенбілікке облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев қатысты. Аймақ басшысы көпшілікпен ағаш отырғызып,
жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Саябақта ұйымдастырылған
спорт түрлерінен жарыстар мен мерекелік шаралар келушілерге көтеріңкі
көңіл күй сыйлады. Бұл сенбіліктің ерекшелігі «Бауырсақ патидың»
өткізілуінде болды. Сенбілікке қатысушыларға ыстық бауырсақтар
үлестірілді.

Бұл сенбілік көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын
жүргізу үшін жарияланған екі айлықтың басы ғана. Сенбілікте бүгінгідей
шаралардың ұйымдастырылуы тұрғындардың қызығушылығын арттырары сөзссіз.
Айта кетейік, Наурыз мерекесін тойлау шаралары 15 наурыздан басталды.
Облыс көлемінде мерекелік шаралар мен көрмелер, жәрмеңкелер мен әртүрлі
бағытта сайыстар жүріп жатыр. Осылайша Наурыз мейрамы ұлттық
құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға жол ашып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз