Қызылордада жанар май құйған көліктегі өрт сөндірілді

48

0

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Хон Бен До көшесі нөмірсіз
мекен-жайда орналасқан «Олжас» жанар-жағар май құю бекеті жанында  жанар
май құю кезінде автокөліктен өрт шыққан. Абырой болғанда өрт салдарынан
қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығыны анықталуда, деп
хабарлады ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиға
орнына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен 3 қызметкер, 1
бірлік техника, ҚІІБ жедел тобынан  5 қызметкер, 1 техника, ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен  12 қызметкер, 3 бірлік техника дер кезінде жетіп,  өрт
сөндірілді, әйтпегенде, алапат өрттің  сол маңда орналасқан тұрғын
үйлер мен адамдарға зардабы тиюі әбден мүмкін еді. Тәжірибелі көлік
жүргізушісі мен майталман өрт сөндіруші жігіттердің арқасында елеулі
шығынға жол берілген жоқ.  Өрттің аумағы 3 шаршы метр аумақты шарпыды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз