Қызылордада жанар-жағармай бағасы арзандады

49

0

Қызылордада жанар-жағармай бағасы арзандадыБұл туралы бүгін Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазір Қызылордада АИ-92 -108 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны – 107 теңгеден сатылуда.

– Өткен жылдың соңымен салыстырғанда жанар-жағармай бағасы 7,8 пайызға арзандады. Бағаны тұрақты ұстап отырмыз. Өткен жылы республиканың өзге аймақтары қоғамдық көлік, таксидің бағаларын өсірді. Ал біздің өңірде бұрынғы баға сақталып қалды, – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Датқабекова.

Облыста 121 май құю бекеті бар. Оларға еш делдалсыз арнайы белгіленген 15 оператор жанар-жағармай жеткізіп береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз