Қызылордада жас келіндер байқауы өтті

101

0

Қызылордада жас келіндер байқауы өттіОблыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің
ұйымдастыруымен «Келіні жақсының керегесі алтын» атты жас келіндер
байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер
мен кенттердегі жас келіндер қатысты.
    Келіндер 5 кезең бойынша сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша,
Ақжарма ауылдық округінің келіні Мақпал Қалданова және Ақсуат ауылдық
округінің келіні Айнұр Әбдіқасымова алғыс хаттармен марапатталса, ІІІ
орынды Қызылжарма ауылдық округінің келіні Айым Бекболатқызы, ІІ орынды
Белкөл кентінің келіні Гүлнұр Мінажова және І орынды Қызылөзек ауылдық
округінің келіні Айгүл Рахатова иеленіп, бағалы сыйлықтармен
марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз