Қызылордада жаяу жүргіншіні қағып кеткен экс-полицей жазадан құтылып кетті

47

0

Қызылордада жаяу жүргіншіні қағып кеткен экс-полицей жазадан құтылып кеттіҚызылордада жаяу жүргіншіні қағып кеткен экс-полицей медиатордың арқасында жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды BNews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Оқиға кезінде жол полициясының қызметкері қызметтік автокөлігін айдап келе жатып, жаяу жүргіншілер өтетін жолда кетіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. 
Тергеу амалдары жүргізіліп, сот отырысы болды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен тәртіп сақшысы айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. 
Алайда кейіннен іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасында қаралды. Және апелляциялық сот алқасының қаулысына сәйкес сотталушы жауапкершіліктен босатылып, оның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. 
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 67 бабы бірінші тармағы бойынша тоқтатылды. Оған сәйкес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағамбетова. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз