Қызылордада әжелер кесте тоқып жарысты

55

0

Қызылордада әжелер кесте тоқып жарысты«Әжелер әрбір үйдің берекесі». Осындай тақырыпта Қызылордада Бірлік ауылдық клуб үйінде әжелер сайысы болып өтті, – деп хабарлады Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазақтың салт дәстүрі мен әдет- ғұрыптарын насихаттау, асыл әжелердің мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, тәлім тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 6 әже қатысты.

«Таныстыру», «Әже әлдиі», «Білгенге маржан», «Көтерейік көңілді ән жырменен» және «Өнерлі саусақтар» аталымдарынан тұрған сайыста әжелеріміз халық ауыз әдебиетінен үзінділер оқып, ән шырқап, би билеп, кесте тоқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, қимылдары ширақ асыл әжелеріміздің бірі алпысты алқымдаса, енді бірі жетпісте. Зейнеткерлікке шықса да қоғам өмірінен тыс қалмай, түрлі шараларға белсене қатысып жүрген өнегелі өнер иелеріне сайыс соңында ауыл әкімі Ә.Мұсаев өз алғысын білдіріп, түрі номинациялар бойынша марапаттап, сый- сыяпаттар ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз