Қызылордада «Әжелер мектебі» құрылды

45

0

Қызылордада «Әжелер мектебі» құрылдыҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы өз жұмысын қарқынды жүргізуде.
Өкіл имам Талғат Омаровтың ұсынысымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде тәлімі мол, тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара өтті.
Атап айтар болсақ, орталық мешітке қаламыздағы қажы әжелеріміз шақырылып, сектор жанынан «Әжелер мектебі» ашылды.
Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, әйел-қыздар жамағаты дөңгелек үстелде қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды.
«Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбымен өткен бұл дөңгелек үстелде қоғамда орын алып отырған қыз балалардың тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер, қыз бала тәрбиесі үшін маңызы зор насихаттар айтылып, әжелер тарапынан салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер де сөз болды.
Шара соңында қажы апалар үшін арнайы дастархан жайылып, әжелер батасын берді.
Айта кету керек, алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды бірқатар шаралар да жоспарға қосылмақ. Болашақ ана атанатын қыз балалар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз