Қызылордада ЖЭО қайта қалпына келтірілмек

61

0

Қызылордада ЖЭО қайта қалпына келтірілмекҚызылордада ЖЭО қалпына келтіріліп, кеңейтіледі, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қызылорданың ЖЭО-ын қайта қалпына келтіру мен кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Жобаның мақсаты – электр энергиясын шығаруды арттыру. 
Қазақстанның даму банкімен 8,6 млрд теңгеге несие келісімі бекітілді. Облыстық бюджет аталмыш жобада 1 млрд 700 млн теңге шегінде ортақ қаржыландыру жағдайында қатысады. 
Бұған қоса Қызылорда қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен қаржыландыру туралы алдын ала келісім жасалды. Банк бұл жобаны іске асыруға 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз