Қызылордада ЖЭО мұржасы құлады, құтқару жұмыстары жүргізілуде

85

0

Қызылордада ЖЭО мұржасы құлады, құтқару жұмыстары жүргізілуде Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлады, екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысының үстіне құлап кетті. Олардың бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.  Оның айтуынша, жұмыстарға Қызылорда облыстық ТЖД-ның, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, Қызылорда облыстық ТЖД-ның өртке қарсы және апаттық-құтқару  қызметтерінің мамандары мен техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарымен 60 адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп айналысуда. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз