ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

58

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІБүгін Қызылордада Жеңістің 71
жылдығына арналған «Қаһарман ұрпаққа мың тағзым» атты митинг және гүл
қою рәсімі өтті. Шараға ҰОС және тыл ардагерлері бастаған Сыр жұртшылығы
қатысты.
Алдымен
қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев бастап ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Екінші
дүниежүзілік соғысқа Сыр өңірінен 70 мың сарбаз аттанса, соның тең
жартысына жуығы елге оралған жоқ. Қазір 64 майдангердің ғана көзі тірі.

Ұлы Отан соғысы Отаны мен тарихи әділдік үшін жан қиюға дайын қаһарман
халқымызды күллі әлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс
Сіздердің ерліктеріңізді мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең
қастерлі мереке.
Бұл
Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан
да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан әрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан
мың мәрте алғыс айтамыз. Сіздер сияқты жеңімпаздардың ұрпағы, халықтар
арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға буынның жалғасы
екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын
жүректен құттықтаймын, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан
соң Жасампаз жасақ шеруі өтті. Бұл жоба биыл қатарынан төртінші жыл
жүзеге асып отыр. Жылдағы дәстүрмен биыл да Жасампаз жасақ шеруі жүріп
өтті. Ерікті заматтардан құралған  шеру сапында Ұлы Отан соғысында шейіт
болған, елге оралып қайтыс болған, Семей – Невада, Чернобыль апаты,
Ауған соғысы ардагерлеріміздің  ұрпақтары, батыр аналар, жастар бар. Бұл
бүгінгі ұрпақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер
бабаларын ұмытпайтындығының бір көрінісі.
Салтанатты шарада қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлері арнайы дайындалған шатырлардан әскер ботқасынан дәм татты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз