Қызылордада Жеңістің 70 жылдығы жасампаз жасақ шеруімен аталып өтті

70

0

Қызылордада Жеңістің 70 жылдығы жасампаз жасақ шеруімен аталып өттіБүгін Қызылордада Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа
аманат» атты митинг және гүл қою рәсімі өтті. Шараға ҰОС және тыл
ардагерлері бастаған Сыр жұртшылығы қатысты.

Алдымен қан майданнан
оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев бастап ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Сыр өңірінен 70 мың сарбаз аттанса, соның
тең жартысына жуығы елге оралған жоқ. Қазірдің өзінде 89 ғана көзі тірі
майдангер бар.

– Биыл Жеңістің жетпісінші көктеміне аяқ бастық. Сіздердің
ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өмірдің темірқазығы. Соғыс
даласына қажетті азық-түлік жеткізу жолында тылда да қаншама адам
тынымсыз еңбек етті. Мұның барлығын келер ұрпаққа ешқашан естен
шығармайды. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! –
деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Мұнан соң жасампаз жасақ шеруі өтті. Бұл жоба биыл қатарынан үшінші
жыл жүзеге асып отыр. Жылдағы дәстүрмен биыл да жасампаз жасақ шеруі
Орталық алаңнан бастау алып, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов, Қазыбек би,
Қонаев көшелері бойымен «Тағзым» алаңына дейін жүріп өтті. Азаматтық
еріктілерден құралған шеру сапында Ұлы Отан соғысында шейіт болған,
елге оралып қайтыс болған, Семей-Невада, Чернобыль апаты, Ауған соғысы
ардагерлеріміздің ұрпақтары, батыр аналар, жастар бар. Бұл бүгінгі
ұрпақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер бабаларын
ұмытпайтындығының бір көрінісі.

Салтанатты шара Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған әскери шерумен
жалғасты. Әрі қарай қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлері арнайы
дайындалған ақ шатырлардан әскер ботқасынан дәм таттты. Шара жергілікті
өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасын тапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз