Қызылордада «Жолда қабылдау» акция басталды

38

0

Қызылордада «Жолда қабылдау» акция басталдыЕлбасының Қазақстан халқына жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның оң имиджін қалыптастырып, халықтың сенімін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып 2015 жылы сәуір айында республиканың барлық аумағы бойынша «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде.

Бүгін, 7 сәуірде облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласы Абай ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылмақ.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерін кеңінен түсіндіру, Әкімшілік полициясы комитеті, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығы тарапынан азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Акция өткізу кезінде бір мезгілде полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жол-патрульдік полицейлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз