Қызылордада жыл басынан бері 19 мүмкіндігі шектеулі жан жеке ісін ашуға несие алған

53

0

Қызылордада жыл басынан бері 19 мүмкіндігі шектеулі жан жеке ісін ашуға несие алғанКеше Қызылорда
облысы әкімдігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық
үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін өзгеден кем сезінбеуі үшін әлеуметтік
мәселесі дұрыс болуы қажет. Осы орайда облыста 2013 жылдан бастап мүгедектердің
құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол
картасы жүзеге асырылып келеді.

Жиында 2014-2015
жылдарға арналған Жол картасының орындалуы бойынша облыстық жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева
баяндама жасады.

Бүгінде
жалпы облыс бойынша 27 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың 4289-ы өкінішке орай
18 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету мақсатында қабылданған
«Жол картасы» бойынша 2014-2015 жылдарға 8,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ,
бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 354
мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде 147 мүгедек тұрақты, 188 мүгедек
уақытша жұмыспен қамтылды және 19 мүгедек жан жеке ісін ашуға несие алды.

Айта
кету керек, қазір облыстың барлық ауданында «әлеуметтік такси» қызмет етеді.
Сондай-ақ, Қызылордаға жаңадан әкелінген 30 қоғамдық автобуста мүгедектердің
мініп-түсуіне жағдай жасалған. Алдағы уақытта осындай 100-ге жуық автобус
алынады. Өткен жылы мүгедектерге арналған 7 аула клубы ашылса, биылғы жылы
алғаш рет Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында күндізгі болу
бөлімшелер желісі ашылып, жұмыс жасауда.

Жиын
соңында облыс әкімі Қ.Көшербаев тиісті сала басшыларына «Жол картасы»
аясындағы жұмыстардың жүзеге асырылуы,
еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту, олардың
қажетті нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы нақты тапсырмалар
берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз