Қызылордада жыл басынан бері 6378 көлік құралдары тіркеуге алынды

58

0

Қызылордада жыл басынан бері 6378 көлік құралдары тіркеуге алынды ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімшесімен
көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеуге алу бойынша халыққа көрсетілетін
мемлекеттік қызметтер стандартқа сәйкес жүргізілуде. Қызылорда
қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын
2015 жылдың наурыз айынан бастаған болатын.
Аталған орталықпен бүгінгі күнге дейін 6378 көлік құралдары тіркеуге алынып, 4635 көлік құралдары есептен шығарылған.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 1247 азаматқа жүргізуші куәліктері берілді.
Осы уақыт аралығында көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз
иемденудің 2 дерегі, көлік құралдарының агрегат нөмірлерін қолдан
жасаудың 3 дерегі және жасанды тіркеу куәлігін жасаудың 1 дерегі
анықталып, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызмет
салаларына жолданды.
Еуразия экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген көлік құралдары
ереже талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы
тіркеу жұмыстары 4-ші экологиялық класс бойынша жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, атап өтерлік жағдай аталған ереже талаптарына сәйкес,
бастапқы тіркеуге ұсынылған көлік құралдарында Кеден одағының
«Дөңгелектік көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Қазақстан
Республикасының сәйкестік сертификаты жоқ М1 санатты автокөлік
құралдарында бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі, қауіпсіздік жастығы, ІSОҒІХ
бекіту жүйесі болған кезде ғана Қазақстан Республикасы аумағында
бастапқы тіркеуге жіберіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз