Жылу маусымына дайындық басталды

40

0

Жылу маусымына дайындық басталдыӨткен жылы облыс орталығын тұрақты газбен жабдықтау мәселесі шешілді. Жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегаты жаңғыртылған болатын. Биылда ауқымды жұмыстар ақтарылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Бүгінде тағы 2 жылу агрегатын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, олардың бірі қосалқы болып саналады.
Бүгінде әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары мекемелерін жылу маусымына дайындауға 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек. Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат – электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
ІІІ инвестициялық форумның шеңберінде Қазақстан даму банкімен осы жоба бойынша 8,6 млрд. теңгеге несиелік келісім жасалды. Облыстық бюджет бұл жобаға 1 млрд. 700 млн. теңге көлемінде қоса қаржыландыру шарты бойынша қатысады. Өзінің жұмыс істеу мерзімі ескірген жабдықтар қазіргі заманғы жоғары тиімділігі бар бу-газ технологиясымен алмастырылатын болады.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жобаны қаржыландыру жөнінде сәуірде алдын ала келісімге қол қойылған-ды. Банк бұл жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз