ҚЫЗЫЛОРДАДАН 15 САРБАЗ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА ЕНЕДІ

74

0

– Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Соның аясында Мемлекеттік қызметтің элиталы «Айбын» және «Батыр» бөлімдеріне жастарды іріктеу жүруде. Бүгінгі таңда сыннан өткен 28 үміткердің ішінен 15 азамат қана күзет қызмет қатарына алынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР мемлекеттік күзет қызметінің өкілі Жанбатыр Мартұлы мен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Е.Абдуллаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктері қазақстандық армияның элитасы болып есептеледі. Ең үздік әскери қызметшілерді бір арнаға тоғыстырған Қызметтің бұл құрылымдық бөліністеріне іріктеу басымдылықпен, әрі қатаң талаптарға сай жүргізіледі.
– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері талап бойынша бойы 180 см кем емес әскерге шақырылушының оқу және қызмет орындарынан мінездемелерін, араласу ортасын, бейімділігін, қызығушылықтарын анықтап, оның психологиялық бет-бейнесімен қатар, медициналық көрсеткіштерін зерделейді,- деді Ерлан Маратұлы.
Ант қабылдау рәсімінен кейін жас сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Алматы және Астана қалаларында орналасқан әскери бөлімшелерін жіберіледі. Бұл жерде оларға аса маңызды тапсырма — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының, және өзге күзетілетін лауазымды тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктеледі. Ресми сапармен Қазақстанға келген мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін салтанатты іс-шараларға қатысып, Мемлекеттік Ту мен Елтаңба эталондарын күзетке алады.
– Осындай жауапты қызметті мінсіз атқару үшін Қызметте әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығына да үлкен көңіл бөлінеді. Дайындық барысында сарбаздар парашюттен секіру, суда әскери техниканы тізгіндеуді үйреніп, тағы да басқа әскери жаттығуларды меңгереді. Спорттық жетістіктері бар жас сарбаздар түрлі деңгейдегі, соның ішінде әлемдік ареналарда өтетін жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. – деді ҚР мемлекеттік күзет қызметінің өкілі Жанбатыр Мартұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз