Қызылордадағы 6 колледж жұмысын тоқтатты

58

0

Қызылорда облыстық білім саласындағы бақылау департаменті 6 колледждің
қызметін тоқтатып, бірнеше мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өткізбей
қойды.
    «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, одан
бөлек төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларын сырттай бақылаған
мамандар білім деңгейінің төмен екенін анықтады. Тексеру нәтижесінде
білім саласында біраз былықтың бетін ашты. Мәселен,
материалдық-техникалық базасы жабдықталмаған, білікті мамандары жоқ 6
колледж жұмысын тоқтатса, Шиелі ауданында үш бірдей мектеп мемлекеттік
аттестаттаудан өте алмаған.
    Кейбір мектептерде оқу кабинеттері жетіспесе, енді бірінде химия,
биология, физика пәндері бойынша арнайы құрал-жабдықтар мен зертханалар
жоқ. Тіпті, өз мамандығына сәйкес келмейтін пәндерден де сабақ беріп
жүрген педагогтар кездеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз