Қызылордадағы 81 оқушының неден уланғаны белгілі болды

52

0

Қызылордадағы 81 оқушының неден уланғаны белгілі болдыҚызылордада қаласындағы №1-ші Қалтай Мұхамеджанов атындағы
мектеп-гимназиясында сабақта отырған жерлерінен бастары айналып
ауруханаға жеткізілген 81 оқушының неден уланғаны белгілі болды. Елді
шулатқан төтенше оқиғадан кейін дереу тексеруге кіріскен мамандар,
сараптаманың алғашқы қорытындысын мәлімдеді.
    – Лабораториялық зерттеу қорытындылары бойынша, метан газымен
улануға тін белгілерге нақты сәйкес келмейді. Белгісіз газбен, түтін
бумен улану белгісімен оның ішінде улану дәрежесі жеңіл дәрежелі,
денсаулығына жеңіл зиян келтірілген дәреже болып есептеледі және ол
метаннан улану белгілеріне сәйкес келмейді деп берген, – облыстық ІІД
тергеу басқармасының аға тергеушісі Гүлханыс Қайназарова.
    Оқиға болған күні ғимараттан алынған сынама нәтижесі де, ауада
ешқандай улы газдың жоқтығын көрсеткен. Сондықтан құқық қорғаушылар тағы
да сот-медициналық сарапта тағайындамақ. Нәтижесі бір айдан соң ғана
белгілі болатын талдама Астанада жасалады. Аталмыш білім ордасының
оқушылары 10 сәуір күні сабақ уақытында бастары айналып, лоқсып
ауруханаға түскен болатын. Алғашқы күні 54 оқушы тіркелсе, соңында ұзын
саны 81-ге жеткен еді. Оның екеуі мектеп мұғалімі болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз