
Сондай-ақ, ұзақ жылдардан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келе жатқан Қайнарбаев көшесі бойындағы 18 пәтерлік тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Апаттық үйлерге қатысты мәселені шешу мақсатында жаңадан 60 пәтерлік 5 үй және 100 пәтерлік 1 үй салу жоспарлануда. Қажетті жер көлемі анықталып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Биыл Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтереді.