Қызылордадағы «Сабантойға» Татарстан Президенті келеді

49

0

Қызылордадағы «Сабантойға» Татарстан Президенті келедіБүгін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясының ХVІІ сессиясы өтті. Жиынға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сентаның депутаты Анатолий Пашмаков қатысты.
Алдымен аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қорытындысынан туындайтын міндеттер туралы баяндама жасады. Жалпы,келер жылы Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толады. Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынды. Қазір Үкіметі тарапынан іс-шаралар жоспары әзірленуде. Облыс әкімі бұл мерекеге орай Сыр өңірінде де ауқымды жобалар жүзеге асатынын атап өтті.
– Әрбір әкім, басқарма, мекеме басшылары Ассамблея жылын өткізу тек Ассамблея хатшылығына керек нәрсе деп түсінбеуі тиіс. Бұл Ұлттық жоспарды жүзеге асыру – әрбір басшының тікелей міндеті. Сондай-ақ, облысымыздағы ірі компаниялар мен кәсіпорындарда да қоғамдық келісім кеңестерін құрып, этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыру қажет, – деді Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Тағы бір айта кетерлігі, осы күзде татар халқының ұлттық мерекесі «Сабантой-2014» республикалық шарасы Сыр өңірінде өтеді. Шараға Татарстан Президенті Рустам Минниханов қатысады. 
Өңір басшысы сала басшыларына «Достық үйінің» құрылысын биіл бастауды тапсырды. Бұл нысан келер жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. 
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сентаның депутаты Анатолий Пашмаков өңірде атқарылып жатқан жұмысқа жоғары бағасын берді. Осы игі істерге ұйытқы болып жүрген аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Сондай-ақ, татулықты туып етіп, ел бірлігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хатын» иеленді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз