Қызылордалық 153 түлек Ресейде оқиды

50

0

Қызылордалық 153 түлек Ресейде оқидыБүгін, 13 маусымда Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетінің грант иегерлерімен кездесті. Сондай-ақ, шараға ҚР Президенті жанындағыжастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Әбдірахымов және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев қатысып, мектеп бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен аталған оқу орнымен әріптестік байланыс орнатылған. Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктердің тағайындаған грантын иеленді. Бүған қоса, Санк-Петербург мемлекеттік технологиялық институтында 41 қызылордалық оқушы білім алады. Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр. Бұл оқу орнының студенттері Германия, АҚШ, Франция мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтеді.  Аймақта металлургия саласын дамыту қолға алынып жатқаны белгілі. Өңір басшысы қолдарына дипломдарын алғаннан соң елге келіп, табысты еңбек етуге тілектестігін білдірді. 
ҚР Президенті жанындағыжастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Әбдірахымов өзі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияда білім алғанын айтып, шетелде білім алудың өзгешелігін түсіндірді. «Аймақ басшысының бастамасы құптарлық. Бұл «Болашақ» бағдарламасының жалғасы іспетті. Барлық өңір осындай игі істі қолға алса, отандық мамандардың біліктілігі жоғарлап, ел эокномикасына серпін әкелері сөзсіз», – деді ол.
«Мұнан соң ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев түлектерге  өзге елде білім алуға грант жеңіп алудың өзі үлкен жетістік екенін айтты. «Ел сенімін ақтап, жақсы білім алып, үлкен маман иесі атанып келіңдер», – деп тілегін білдірді. Түлектер өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз