Қызылордалық 516 жас жұмысқа жолдама алды

46

0

Қызылордалық 516 жас жұмысқа жолдама алдыҚызылорда облысы әкімінің жастармен өткізген бейресми кездесуінде жас құрылысшылар жасағының жетекшісі Сәдірбек Жұмабеков аймақ басшысына жұмыссыз жастардың мәселесін айтып, қолдау көрсетуін сұрады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жас құрылысшылар жасағының ұсынысын қолдап,  облыста жүріп жатқан құрылыс нысандарында бүгіннің өзінде 516 жастың жұмысқа тұруына мүмкіндік бар екенін айтып, аталған орындарға жас құрылысшылар жасағының мүшелері алынатынын айтты.  
– Мен өзім де құрылысшымын. Еңбек жолымды сіздер сияқты жас құрылысшылар отрядынан бастағанмын. Қазір облысымызда құрылыс көлемі артып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан жас құрылысшыларға қолдау көрсетуге біз дайынбыз. Өңірдегі құрылыс компанияларға 500-ден астам жұмыссыз жүрген құрылысшыларды жұмысқа орналастыру туралы келісім бар, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Айта кету керек, Жас құрылысшылардың жасағы арқылы 2013 жылдан бері 900-ге жуық жас облыс көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына жұмысқа орналасқан. 
Қазір Қызылорда облысы құрылыс салу көлемі бойынша республикада көшбасшы аймақтардың қатарында. Тек 2015 жылдың өзінде Қызылорда қаласында 54 көпқабатты тұрғын үй салынып, 2684 сырбойылық баспаналы болды. Ал биыл 75 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді деп жоспарланып отыр. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз