Қызылордалық 60 елдің спортшылары бақ сынаған додада күміс жүлдені иеленді

52

0

Қызылордалық 60 елдің спортшылары бақ сынаған додада күміс жүлдені иелендіОңтүстік Кореяның Сеул қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында
өткен Бүкіләлемдік ойындарда қызылордалық Ислам Салимов жақсы өнер
көрсетіп, облыстың спорт тарихында өзіндік із қалдырды. 60 мемлекеттен
спортшылар қатысқан ойындар бағдарламасында жеңіл атлетикадан сынға
түскен Ислам ұзындыққа секіруден күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз
қызметі хабарлады.

Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында
дүниеге келген. Жанарынан айырылған бозбала II топтағы мүгедек. 2003
жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келеді.

Ислам бұған дейін 2 дүркін Паралимпиадалық Азия
ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының
қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы мен
жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Исламның спорттағы жеңістеріне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Юрий Мощеев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз