Қызылордалық Ғабиден Әзен – Азия чемпионы

69

0

Қызылордалық Ғабиден Әзен – Азия чемпионы6-11 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласындатректен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлестеріміз 2 медальді иеленді, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 
Жастар арасында өнер көрсеткен Ғабиден Әзен (№3ОВЖОРМ) командалық жарыста Азия чемпионы атанса,скретч сайысында ересектер арасында сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.  
Енді Ғабиден Әзен мамыр айында Астана қаласында болатын ҚР IV Жастар спорт ойындарына қатысады. 
Спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров, Кеңес Оразалиев және Жандос Махамбетов дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз