Қызылордалық ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды

57

0

Қызылордалық ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталдыБүгін Қызылордада «Ұлы Жеңіс – мәңгі ел жадында» атты 7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл. Бұл майдан даласынан оралмаған жауынгерлерге тағзым етіп, ардагерлерімізді еске алып, арамызда көзі тірі ардақты жандарымызды ұлықтайтын, ерлікті дәріптейтін үлкен салтанат.

– Бұл дүниеде біздің жалғыз Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан. Отанымызды қорғау қасиетті міндет, үлкен мәртебе. Тарихқа көз жүгіртсек, ел үшін жанын аямау, кеудесін оққа тосқан батырға кенде емеспіз. Қатары сиреп бара жатқан қарттарымыз аман болсын. Ал Отан қорғаушы бейбіт күннің ұландары Тәуелсіздікті тұғырландыруда қызмет етейік, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Құрмет грамотасы секілді мемлекеттік наградаларды табыстады.

1418 күн, 34 сағатқа созылған қан майданның қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырларды дәріптеу жалғаса береді. Өкініштісі, қарт майдангерлердің қатары күн өткен сайын сиреп барады. Соғыс даласынан Сыр өңіріне 35 мың жауынгер аман оралса, бүгінде соның 89-ның ғана көзі тірі.

Мерекелік шарада Отан қорғаушыларға да құрмет көрсетілді. Өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, әннен шашу шашты.

Сонымен қатар орталық алаңда сарбаздар қоян-қолтық ұрыс көріністерін көрсетті. Мұнан соң облыс тұрғындары лэд экран арқылы Астанадағы мерекелік шеруді тамашалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз