Қызылордалық қауымдастықтар аккредиттеуден өтуде

47

0

Қызылордалық қауымдастықтар аккредиттеуден өтудеҚызылордалық «Сыр
бойы» Кәсіпкерлерді қолдау Қауымдастығы мен Қызылорда облысы бойынша
жергілікті қамтуды дамыту Қауымдастығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер
палатасында аккредиттеуден өтті. Бұл туралы бүгін Қауымдастық жетекшілеріне
арнайы құжаттарын табыс еткен Палата директорының міндетін атқарушы Дархан
Мырзалиев айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке
кәсіпкерлер бірлестіктері және (немесе) қауымдастық формасындағы заңды
тұлғаларды аккредиттеуден өткізген болатын. Нәтижесінде Қызылордадан жоғарыда
аталған Қауымдастықтар аккредиттеуден өтіп, бұдан әрі келісім шарт негізінде
Палатаның жұмысына қатысып, өңірлік кеңеске мүшелікке үміткерлер ұсыну және
өзге де мүмкіндіктерге ие болды.

Айта кету керек, мұндай жұмыстар
облыста да басталды. Ол үшін аккредиттеуге қатысушы салалық қауымдастықтар
(одақтар), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік өңірлік қауымдастықтары
Кәсіпкерлер палатасына 10 наурызға дейін құжаттарын тапсыруы тиіс.

 

Қызылорда
облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз