Қызылордалық боксшы қыз Польшадағы турнирдің чемпионы атанды

44

0

Қызылордалық боксшы қыз Польшадағы турнирдің чемпионы атандыБокстан Польшада өткен турнирде қазақстандық қыздар төрт медаль ұтып
алды. Ерік Алғабек жетекшілік ететін Қазақстанның жасөспірімдер және
жастар құрамасы Польшаның Гливице қаласында өткен бокстан халықаралық
турнирінде қарсыластарынан едәуір басым түсті, деп хабарлайды Қазақстан
бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
    Бұл жолы Қазақстанның намысын жасөспірімдер қатарындағы Арайлым
Бекділдә (Тараз қаласы, 75 келі), жастар құрамасындағы Меруерт Қонысбай
(Алматы облысы, 51 келі), Аида Әбікеева (Қарағанды қаласы, 60 келі),
Аида Оңдаш (Қызылорда қаласы, 81 келі) және Алтын Мұқышбекова (Астана,
81 келіден жоғары) қорғады.
    Нәтижесінде ақтық сайыста венгрлік қарсыласына дес бермеген Аида
Оңдаш турнир чемпионы атағына ие болды. Ал Меруерт Қонысбай шведтік
боксшыға ұпай жіберіп, екінші орынды иеленді. Қола жүлде Аида Әбікенова
мен арайлым Бекділдәның қоржынында.
    Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз