Қызылордалық боксшылар республикалық додадан жүлделі орындарды еншіледі

45

0

Қызылордалық боксшылар республикалық додадан жүлделі орындарды еншіледіҚарағанды қаласында еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысқан байрақты бәсекеде 197 былғары қолғап шеберлері сынға түсті.

Бокстан жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Руслан Жақияв жетекшілік жасаған қызылордалық боксшылар облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды. Олар тартысқа толы ел чемпионатында бір алтын, бір қола медальға қол жеткізіп, Қазақстан құрама командасы сапына енді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Сабыржан Әбілов 60 келі салмақ дәрежесінде алтынан алқа тағынды. Сабыржан жарыс барысында бес кездесу өткізіп, финалда Алматы облысының спортшысы Асқар Эрубекті 3:0 есебімен жеңіп, төртінші мәрте ел чемпионы атанды. 91 келіде сынға түскен Оңталап Рахманов қола жүлдені иеленді.

Арал ауданында дүниеге келген Сабыржанды жарысқа Мұрат Қаныбетов пен Ғалым Байғұндиев, ал Оңталапты Әбдіразақ Құлмағамбетов дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз