Қызылордалық диқандар өз рекордтарын жаңартты

47

0

Қызылордалық диқандар өз рекордтарын жаңарттыБиыл да қызылордалық диқандар үшін табысты болғалы тұр. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Дала академигі» атанған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылорда диқандары елдің ырзық-несібесі алтын астығымызды қамбаға молынан құйды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.    
Рекорд жаңартуды дәстүрге айналдырған Сыр диқандары биыл да өз рекордтарын жаңартып, әр гектардан 53,6 центнерден өнім алуда. 11 қазандағы ақпар бойынша, қазіргі таңда күріш дақылының 80065 гектары орылып, 78560 гектары бастырылды. 421 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,1 центнерге артық.
Облыс бойынша күріш жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысуда.
Арзандатылған бағамен күзгі егін жинау науқанына бөлінген 14 мың тонна дизель отыны операторлар арқылы шаруашылықтарға жеткізіліп, таратылуда.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында келесі жылдың егісі үшін 3570 га сүдігер айдалып, 400 га күздік бидай егілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз