Қызылордалық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

42

0

Қызылордалық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атандыӨскеменде дзюдодан 440 спортшы қатысқан Қазақстан
чемпионатында қызылордалық дзюдошылар жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді.
Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, Үшінші орында – Алматы қаласы.

Жерлестеріміз жастар арасында өнер көрсетіп, 2 алтын, 4
күміс, 6 қола медальдарды жеңіп алды.

Атап айтсақ, жекелей сында 60 келі салмақта Жақсыбек
Жеңісбек (ЖСШМ), 66 келіде Марат Жанқожа және (№1 ОРМБЖМ) ел чемпиондары
атанды.

44 келіде Адия Сайын (№1ОРМБЖМ), 48 келіде Салтанат
Сұлтанбекова (спорт интернат), 63 келіде Гүлдерайым Алмағанбет, +78 келіде
Нұрғаным Тұршабек (екеуі де №1ОРМБЖМ) күміс жүлдені иеленсе, 44 келіде Малика
Алпысбай (№1ОРМБЖМ), 52 келіде Диана Тлеумұратова (Қармақшы ауданы), 55 келіде
Дидар Тәттібай (ЖСШМ), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт интернат), 73 келіде Нұрсұлтан Иса (ЖСШМ), 78 келіде Ләйлә Арыстанбек
(№1ОРМБЖМ) қола жүлдені еншіледі. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз