Қызылордалық дзюдошылар бірінші орын алды

54

0

Қызылордалық дзюдошылар бірінші орын алдыӨткен аптаның демалыс күндерінде Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде дзюдодан 23 жасқа дейін ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 
Жарысты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық дзюдо федерациясының ұйымдастырды. Оған Астана, Алматы қалалары мен республикамыздың барлық облыстарынан 300-ге жуық татами шеберлері қатысты. Сайыстар ерлер және қыздар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтті. Тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орын  5 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде иеленген қызылордалық спортшыларға бұйырса, екінші орында  2 алтын, 1 күміспен Алматы облысының командасы. Шығысқазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен үшінші орынды иеленді. 
Ал жекелей есеп бойынша ерлер арасында 60 келіде Қылыш Еренқайыпов (Қарағанды обл.), 66 келіде Азамат Шайкөзов (Қызылорда обл.), 73 келіде Әлімұхан Орынбаев (Жамбыл обл.), 81 келіде Ерназар Хамзин (БҚО), 90 келіде Мақсат Исақабылов, 100 келіде Нұрым Сәлімгереев, +100 келіде  Еламан Ерғалиев (үшеуі де Қызылорда обл.) алтыннан алқа тағынса, әйелдер арасында 48 келіде Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау обл.), 52 келіде Айкүнім Түйтекова (Алматы обл.), 57 келіде  Анна Казюлина (ШҚО), 63 келіде Файза Әділбаева (Атырау обл.), 70 келіде Жанар Қашқын  (Алматы обл.), 78 келіде Мархабат Ақылбаева (Қызылорда обл.), +78 келіде Нұрғайша Нұртаева (ОҚО) жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, аталмыш жарыста 1, 2 орындарды иеленген спортшылар Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз