Қызылордалық дзюдошылар ел чемпионатынан олжалы оралды

56

0

Қызылордалық дзюдошылар ел чемпионатынан олжалы оралдыҮстіміздегі жылдың 26-28 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында
Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Кездесулер
ерлер мен әйелдер арасында 7 салмақ дәрежесінде өтті. Тартысты жарыс
күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама
командасы 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық
есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Қарағанды облысы, үшінші
орынды Шығыс Қазақстан облысының командалары еншіледі. Бұл туралы
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлады.

Жекелей сында 52 келі салмақ дәрежесінде Айдана
Ермахан (№5БЖСМ), 78 келіде Мархабат Ақылбаева (облыстық олимпиадалық
резерв даярлау орталығы) және 90 келіде Мақсат Исақабыловтар (ЖСШМ)
жақсы өнер көрсетіп, ел чемпиондары атанды.

63 келіде Мөлдір Болатбекова (облыстық
олимпиадалық резерв даярлау орталығы) +78 келіде Қымбат Тұршабек (ЖСШМ)
күміс жүлдені иеленді.

48 келіде Гүлдана Мұрат (Ж.Баһадүр атындағы
мектеп-интернат), 52 келіде жалағаштық Тоғжан Әсембек, 63 келіде
облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Мархабат
Бахытбекова, 70 келіде Жания Махмудова, +100 келіде Ернар Бегайдар қола
жүлдеге қол жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз