Қызылордалық дзюдошылар – ел кубогының жеңімпазы

35

0

Қызылордалық дзюдошылар - ел кубогының жеңімпазы Бүгін Қызылордада дзюдодан Қазақстан  Республикасының кубогы өтті. Ел кубогын 20 команда өкілдері сарапқа салды. Оның 12-сі – ерлер, 8-і – әйелдер командасы. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, нәтижесінде әйелдер арасында бірінші орынды Қызылорда, екінші орынды Алматы, үшінші орынды Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының  құрамалары ие болды. 
Ерлер арасында Қызылорда облысының спортшылары кубок жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені – Шығыс Қазақстан, қола жүлдені Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары еншіледі. Жеңімпаз, жүлдегер командалар диплом, кубоктармен марапатталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз