Қызылордалық дзюдошылар Грузия бапкерінен тәлім алуда

43

0

Қызылордалық дзюдошылар Грузия бапкерінен тәлім алудаҚызылордалық дзюдошылар грузиялық бапкер Амиран Тотикашвилиден тәлім
алуда. Бұл жайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшылардың шеберлігін шыңдап, техникалық мүмкіндіктерін арттыруда
тәжірибенің маңызы зор. Осы мақсатта Грузия елінің білікті маманы Амиран
Тотикашвили арнайы шақыртылды. 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада
жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанған, білікті бапкер Амиран
Тотикашвили облыс спортшыларына үш ай бойы шеберлік сабағын өткізеді.
Амиран Тотикашвили 1969 жылдың 21 маусымында Грузияның  Квемо-Картли ауданы Марткоби селосында дүниеге келген.
1984-1996 жылдарда спорттық карьерасын өткізді. Бапкерлері –    З.Г.
Кахарашвили мен Ш.Д. Хабарели. 60 келі салмақта сынға түсті.
1989 жылы Сеулде өткен жазғы олимпиадада қола жүлдегер атанса, сол жылы
Югославия (Сербия) астанасы – Белградта әлем чемпионы атағына қол
жеткізді. Екі дүркін Еуропа (1988, 1989), екі дүркін КСРО чемпионы
(1988,1989) болған. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін бапкерлік
қызметке бет бұрды. 2009 жылы дзюдодан Грузия құрамасының бас бапкері
қызметіне келсе, арада бір жыл өткендеол қызметтен өз еркімен бас
тартты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз