Қызылордалық еркін күрестен әлем чемпионы атанды

56

0

Қызылордалық еркін күрестен әлем чемпионы атандыАҚШ-тың Нью-Джерси қаласында еркін
күрестен  қарулы күштер арасында Әлем
чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Аталмыш бәсекеде жерлесіміз
Ғалымжан Өсербаев 74 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені иеленді. Айта кетейік,
былтырғы жылы Иранда қарулы күштер арасында өткен Әлем чемпионатында Ғалымжан
екінші орынды иеленген болатын.
Сондай-ақ,  65 келі салмақта Азамат Шағапұлы қола жүлдеге
ие болды.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі
мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Әбутәліп Аманов пен Серік Әбдімәуленов дайындады.
Енді спортшылар қараша айында
Астана қаласында болатын ҚР кубогына қатысады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз