Қызылордалық гандболшылар жеңімпаз атанды

65

0

Қызылордалық гандболшылар жеңімпаз атандыГандболдан Қазақстан чемпионатының 1-турында супер лига командалары арасында қызылордалықтар жеңімпаз атанды. Алматы қаласында гандболдан супер лига әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» командасы өзінің басты қарсыласы Алматы облысының командасынан 10 ұпаймен алға озып, бірінші турды жеңіспен аяқтады. Қола медаль Алматы қаласының командасына бұйырды. Төртінші орынды Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді. Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының командалары қатысқан болатын.
Келесі тур 10-16 мамыр айында Алматы қаласында болады. Команданы жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз