Қызылордалық каратэшілер 16 жүлде алды

36

0

Қызылордалық каратэшілер 16 жүлде алдыАқтөбе қаласында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Осымен  13-ші  мәрте ұйымдастырылып отырған бәсекеге  еліміздің барлық аймақтарынан   300-ге жуық каратэші қатысып,  төрт  күн бойы шеберлік байқасты. 
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 16 жүлдемен оралды. 7 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль. Атап айтсақ, алтын медальді  10-11 жас аралығында өнер көрсеткен  Бақдәулет Құбаш, Сымбат Әлайдар, 12-13 жас аралығында Марта Ким, Кемелбек Қабланбек, 14-15 жас аралығында Диана Досқали, Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас), Нұржан Ақпанбет (18 жас) иеленсе, күмісті Әсемгүл Ердәулет (10-11 жас), Азамат Сансызбай (14-15 жас), Қуандық Монтай (1-17 жас), Салтанат Исмайлова (18 жастан жоғары), қола медальді Әлішершәріп Қонысбек (12-13 жас), Әділет Төлеу, Нұрсұлу Жетербай (екеуі де 14-15 жас), Ақылбек Қожаберген (16-17 жас) еншіледі. Сондай-ақ, Мансұр Қали, Әділет Төлеу, Әділет Оралбектер командалық кумитэде үшінші орынға ие болды. Спортшылар облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық каратэ-до федерациясы және №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз