Қызылордалық каратэшілер ел чемпионатынан 11 жүлдені иеленді

38

0

Қызылордалық каратэшілер ел чемпионатынан 11 жүлдені иелендіОңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында каратэ-додан өткен
Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының намысын қорғаған
жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 11 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 5
қола) оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

6-7 жас аралығында сынға
түскен Мейіржан Әділхан, 14-15 жас аралығында 54 келіге дейінгі салмақ
дәрежесінде өнер көрсеткен Марта Ким ел чемпионы атанса, 16-17 жас
аралығында командалық кумитэде спортшыларымыз бірінші орынды иеленді.
Команданың алға шығуына Әділет Оралбек, Әділет Төлеу, Қайсар Өмірбек
және Мансұр Қали сынды каратэшілер өз үлестерін қосты.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділет Оралбек
(16-17 жас), Нұртуған Тлеубергенов (8-9 жас, +35 келі) және Леонид
Ковалев (14-15 жас, -57 келі) Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін
иеленді.
Самрат Асылбек (10-11 жас, -30 келі), Әсемгүл Ердәулет
(10-11 жас, -35 келі) және Әділет Төлеу (16-17 жас, -55 келі) қола
жүлдені иеленді.
14-15 жас аралығында ұлдар арасында командалық
кумитэде Фархад Жарылқасын, Леонид Ковалев, Мейрам Динмұхаммед, ал
қыздар арасында Марта Ким, Ақмарал Бекназарлар үшінші орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және
жаттықтырушылар Нұржан Ақпанбет, Рүстем Қараев, Әкімжан Нұрғалиевтер
дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз